Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 30-қараша күні тұңғыш Президент күніне орай округ мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында өтілген патриоттық ән байқауы туралы мәлімет. (2018-2019 оқу жылы) » Средняя школа №7 имени Турсына Акимова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72635) 2-72-68
Есепші бөлімі:
+7(72635) 2-72-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 30-қараша күні тұңғыш Президент күніне орай округ мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында өтілген патриоттық ән байқауы туралы мәлімет. (2018-2019 оқу жылы)
04
декабрь
2018

Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 30-қараша күні тұңғыш Президент күніне орай округ мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында өтілген патриоттық ән байқауы туралы мәлімет. (2018-2019 оқу жылы)

30-қараша күні мектебімізде «Ауылым-алтын бесігім» қорының демеушілігімен тұңғыш президент күніне орай, жас ұрпаққа Н.Ә. Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, Тәуелсіздік күнін насихаттау, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, оқушылардың бойында еліне сүйіспеншілік, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу, тұңғыш президент күнін насихаттау мақсатында округ мектеп оқушылары арaсында «Тәуелсіздік тірегім» атты байқау ұйымдастырылды.  

            Байқаудың шарты бойынша қатысатын оқушылар бір патриоттық ән және де өлең жолдарын орындады. 

            Әділ-қазы алқалары болып төмендегі округ тұрғындары тағайындайылды:

  1. Жетітөбе ауылдық кітапхана меңгерушісі Жанабаева Айжан

2.Қоңыртөбе ауылдық клуб меңгерушісі Наушабаева Гүлмира

3.Шыңбұлақ ауылдық клуб меңгерушісі Ортаева Айман Рамазанқызы

            Мектеп директоры алғы сөз сөйлеп, баршамызды мерекемізбен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

            Байқаудың шарты бойынша округтегі әр  мектептен 3 оқушыдан қатысты. Нақты айтатын болсақ:

Тұрсын Әкімов атындағы №7 мектептен:

  1. Зият Рустам Әсілханұлы 11 сынып
  2. Өмірзақ Әмина Есентайқызы 11 сынып
  3. Шайдуллин Тоғжан Батырқызы 8сынып

Тұрар Рысқұлов атындағы №24 орта мектептен:

  1. Құдайберген Нұрсая 5 сынып
  2. Құдайберген Саят 8 сынып
  3. Асқар Жаңыл 10 сынып

№21 Д.Пахомов орта мектебінен келіп отырған оқушылар:

  1. Әзімбай Ернұр Жанибекұлы МАДТ
  2. Ордабек Кәусар Нарбекқызы 2 сынып
  3. Кемелбек Рашид Қалдыбекұлы 9 сынып

№45 Тасбастау бастауыш мектебі:

1. Жамбылхан Айару Жеңісқызы 1 сынып

2. Нүркен Әдемі Байкенқызы 2 сынып

3. Бауыржан Аяулым Есімжанқызы 2 сынып

4. Бауыржан Нұрдәулет Есімжанұлы 3 сынып

5. Ералы Заңғар Бағланұлы 4 сынып

            Оқушылар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінді.  Байқауда 14 патриоттық ән және өлең жолдары мәнерлеп оқылды, оқушылар төмендегідей орындарды иеленді:

Жоғарғы буын оқушылары:

І орын - «Ақ көгершін» патриоттық әнімен Тұрар Рысқұлов атындағы №24 мектептің 10-сынып оқушысы Асқар Жаныл

ІІ орын – «Ұлы Отаным» әнімен Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінің 11а-сынып оқушысы Зият Рустам Әсілханұлы

ІІІ орын – «Иә солай» патриоттық әнімен 8-сынып оқушысы Шайдуллин Тоғжан Батырқызы

Бастауыш сынып оқушылары:

І орын - №21 Д.Пахомов орта мектебінің МАДТ оқушысы Әзімбай Ернұр Жанибекұлы

ІІ орын - №45 Тасбастау бастауыш мектебінен келген 2-сынып Бауыржан Аяулым Есімжанқызы

ІІІ орын - №45 Тасбастау бастауыш мектебінің 1-сынып оқушысы Жамбылхан Айару Жеңісқызы  

            «Ауылым-алтын бесігім» қорының жетекшісі Келдібек Мәулен орын иегерлерін мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықпен марапаттап, оқушыларға алғыс білдірді. Жалпы іс-шара жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.