22
октябрь
2018
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 19-қазан күні 8-11 сыныптар аралығында «Берекелі алтын күз!» атты байқау туралы мәлімет. (2018-2019 оқу жылы.)
19-қазан күні мектебімізде алтын күз мерекесіне орай «Берекелі алтын күз!» атты байқау ұйымдастырылды. Байқау 8-11 сыныптар арасында өтті.
Байқауды ашып беру құрметі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Сатымбековаға берілді.
Байқаудың әділ-қазы алқалары болып төмендегі ұстаздар тағайындалды:
- Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сатымбекова Жамал Нағашбекқызы
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марасилов Ермек Ғалымжанұлы
- Кітапхана меңгерушісі Абдыкасимова Раушан Баймолдақызы
Байқау төмендегі шарттар бойынша жүргізілді:
- Қабырға газеті
- Флешмоб немесе өз өнері
- Хан мен ханшайым биі
- Пародия (өнер жұлдыздарына пародия жасау)
- Күзгі береке
- Күзгі сән үлгісі
Іс-шара өте жақсы өтті деп бағаланды. Берілген шарттар бойынша сыныптар өз өнерлерін көрсетті. Байқау өте қызықты өтті.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
Бас жүлде – 11 «А» сынып
І орын – 11 «Ә» сынып
ІІ орын – 9 «А» сынып
ІІІ орын – 10 «А» сынып
Әділ-қазы алқалары қорытынды есебін айтып, жеңімпаздарды құттықтап, орын иегерлерін мақтау қағаздармен марапаттады.