Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 24-қазан күні 1-4 сыныптар аралығында «Берекелі алтын күз!» атты байқау туралы мәлімет. (2018-2019 оқу жылы)
24-қазан күні мектебімізде алтын күз мерекесіне орай бастауыш (1, 2, 3, 4) сыныптар арасында «Берекелі алтын күз!» атты байқау ұйымдастырылды.
Мектеп директоры Н.Ортаев алғы сөз сөйлеп, сыныптарға сәттілік тіледі.
Байқау төмендегі шарттар бойынша жүргізілді:
- Қабырға газеті
- Таныстыру
- Өз өнері
- Күзгі ас мәзірі
- Күзгі сән үлгісі
Байқауда әділ баға беретін әділ-қазы алқалары болып төмендегі ұстаздар тағайындалды:
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марасилов Ермек Ғалымжанұлы.
- Музыка пәні мұғалімі Мырзакулова Клара Бақытжанқызы
- Мектеп президенті Сауранбек Айдос Рысбекұлы
Іс-шара жақсы өтті деп бағаланды. Байқау шарты бойынша сыныптар жақсы дайындалған. Оқушылардың өнерлерін көтеріңкі көңіл-күйде отырып, тамашалады. Оқушылармен қатар ата-аналар да белсене ат салысты.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
Бас жүлде – 1 «А» сынып
І орын – 3 «А» сынып
ІІ орын – 4 «А» сынып
ІІІ орын – 2 «А» сынып
Әділ-қазы алқалары қорытынды есебін айтып, жеңімпаздарды құттықтап, орын иегерлерін мақтау қағаздармен марапаттады.