«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2-11 сыныптар арасында «Туған жерім тамаша» атты сурет байқауы өтілді.
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 29 қаңтар күні Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2-11 сыныптар арасында «Туған жерім тамаша» атты сурет байқауы өтілді. Оқушылар аталған жұмыстарды А3 форматында орындаған. Жалпы сурет байқауының басты мақсаты туған жер табиғаты, ауыл көріністері, еліміздің бас қаласы Астананың әсем бейнесін бейнелеу отырып, әр оқушының бойында патриоттық сезімдерін ояту. Қатысушы оқушылар мен әділ-қазы алқасы таныстырылды. Оқушылар рет бойынша өздерінің туындыларын таныстырып өтті. Сайыс болғандықтан біреулер оза шабады.
Бас жүлде – Сауранбек Айдос 10-сынып
1-орын – Бекбосын Мәншүк 7- сынып
2-орын Айтбек Нұрдәулет 4-сынып
3-орын Бердіқұл Тұмар 5-сынып
Сайыс қорытындысы жоғарыда көрсетілген рет бойынша бөлініп, жеңімпаз оқушыларға мадақтама қағаздары үлестірілді. Қатысушылар тарапынан аталған сайыс жоғары деңгейде өтілді,- деп бағаланды.