16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өтілген «Тәуелсіз елдің жастары!» атты мерекелік іс-шара » Средняя школа №7 имени Турсына Акимова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72635) 2-72-68
Есепші бөлімі:
+7(72635) 2-72-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өтілген «Тәуелсіз елдің жастары!» атты мерекелік іс-шара
14
декабрь
2018

16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өтілген «Тәуелсіз елдің жастары!» атты мерекелік іс-шара

         Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде Тәуелсіздік күні мерекесін өткізуге іс-шара жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. 

         1-11 сынып оқушыларының арасында «Менің қиялымдағы Қазақстан!» тақырыбында сурет, шығарма байқаулары ұйымдастырылды. 14.12.2018 ж. күні мектебімізде 16-желтоқсан тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің жастары!» атты салтанатты жиын, концерттік бағдарлама өткізілді.

         Концертте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, 1986 жылғы 16-желтоқсан көтерілісі туралы бейне үзінді көрсетілді. Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Ортаев Нұрмахан Қасымбекұлы ашып, оқушыларды мерекелерімен құттықтап, алғы сөз сөйледі.             

         Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5-сынып оқушыларының оқу озаттары мен сынып белсенділерін қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. Ұйым қатарына енетін оқушылар салтанатты түрде ант беріп, «Жас Ұлан» ұйымының әнұранын орындады.       Жоғарыда аталған сурет, шығарма байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марасилов Ермек Ғалымжанұлы өткізді.

         Мектеп оқушылары түрлі би және көрініс, музыкалық номерлер орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.