Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 19-қазан күні 5-7 сыныптар арасында өтілген «Берекелі алтын күз!» атты байқау туралы мәлімет. (2018-2019 оқу жылы.) » Средняя школа №7 имени Турсына Акимова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72635) 2-72-68
Есепші бөлімі:
+7(72635) 2-72-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 19-қазан күні 5-7 сыныптар арасында өтілген «Берекелі алтын күз!» атты байқау туралы мәлімет. (2018-2019 оқу жылы.)
22
октябрь
2018

Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 19-қазан күні 5-7 сыныптар арасында өтілген «Берекелі алтын күз!» атты байқау туралы мәлімет. (2018-2019 оқу жылы.)

             19-қазан күні мектебімізде алтын күз мерекесіне орай «Берекелі алтын күз!» атты байқау ұйымдастырылды. Байқау 5-7 сыныптар арасында өтті.

          Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Марасилов алғы сөз сөйлеп, сыныптарға сәттілік тіледі.

Байқау төмендегі шарттар бойынша жүргізілді:

  1. Қабырға газеті
  2. Флешмоб немесе өз өнері
  3. Хан мен ханшайым биі
  4. Пародия
  5. Күзгі береке
  6. Күзгі сән үлгісі

Байқаудың әділ-қазы алқалары болып төмендегі ұстаздар тағайындалды: 

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марасилов Ермек Ғалымжанұлы.
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маннаб Арайлым Абайқызы.
  3. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Зият Саламат Әділханұлы.

Байқау өте қызықты өтті. Сайыскерлер бірінен-бірі қалыспай, өнерлерін барынша ортаға салды. Киімдері де байқауға сай болды.

         Байқау қорытындысы төмендегідей:

Бас жүлде – 6 «А» сынып

І орын – 5 «А» сынып

ІІ орын – 5 «Ә» сынып

ІІІ орын – 7 «А» сынып

         Әділ-қазы алқалары қорытынды есебін айтып, жеңімпаздарды құттықтап, орын иегерлерін мақтау қағаздармен марапаттады.

Похожие публикации: