Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 1-қазан күні 1-қазан Халықаралық қарттар күні және Мирасилова Кульджахан Мәмешқызының зейнет жасына жетуіне орай өтілген «Қарттарым-асыл қазына!» атты мерекелік кеш туралы мәлімет (2018-2019 оқу жылы) » Средняя школа №7 имени Турсына Акимова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72635) 2-72-68
Есепші бөлімі:
+7(72635) 2-72-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 1-қазан күні 1-қазан Халықаралық қарттар күні және Мирасилова Кульджахан Мәмешқызының зейнет жасына жетуіне орай өтілген «Қарттарым-асыл қазына!» атты мерекелік кеш туралы мәлімет (2018-2019 оқу жылы)
02
октябрь
2018

Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 1-қазан күні 1-қазан Халықаралық қарттар күні және Мирасилова Кульджахан Мәмешқызының зейнет жасына жетуіне орай өтілген «Қарттарым-асыл қазына!» атты мерекелік кеш туралы мәлімет (2018-2019 оқу жылы)

1-қазан күні 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай және Мирасилова Кульджахан Мәмешқызының зейнет жасына жетуіне байланысты  «Қарттарым-асыл қазына!» атты қарттарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кәріқорған, Тасбастау ауылдарының ақ сақалды аталары мен  ақ жаулықты аналары кешіміздің құрметті қонақтары болды.

Мектеп директоры Ортаев Нұрмахан Қасымбекұлы қарттарымызды және Мирасилова Кульджахан апайды мерекелерімен құттықтап өзінің жылы лебізін білдірді.

Мектеп оқушылары қарттарымызға әсем әндерін арнап, тамаша билерін тарту етті. 8-сынып оқушысы Ізет Назерке «Аяулы ана» әні, 5-сынып оқушыларының «Қазақша» биі көрермендерге жақсы әсер қалдырды.

         Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марасилов Ермек Ғалымжанұлы қарттарды мерекелерімен құттықтап, ата-аналар туралы әсерлі бейнеүзінді көрсетті. Мирасилова Кульджахан апайдың ұл-қыздары мектеп басшылығына және оқушыларға концерт ұйымдастырып бергеніне алғыс айтып, өздерінің жылы лебізін білдірді. Мектеп директоры қарттарымызға арнап мектеп ұстаздарының атынан сыйлық табыстады.

         Қарттарымыз сахна төрінен орын алып, тілек тілеп, баталарын беріп, алғыс білдіріп, өздерінің тамаша әндерін орындап берді. Қарттарымыздың баталарын алған оқушыларда жақсы көңіл-күймен тарасты.