Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 5-қазан күні ұстаздар мерекесіне орай өтілген «Ұстаз-ұлы тұлға!» атты концерттік бағдарлама туралы мәлімет (2018-2019 оқу жылы) » Средняя школа №7 имени Турсына Акимова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72635) 2-72-68
Есепші бөлімі:
+7(72635) 2-72-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 5-қазан күні ұстаздар мерекесіне орай өтілген «Ұстаз-ұлы тұлға!» атты концерттік бағдарлама туралы мәлімет (2018-2019 оқу жылы)
08
октябрь
2018

Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 5-қазан күні ұстаздар мерекесіне орай өтілген «Ұстаз-ұлы тұлға!» атты концерттік бағдарлама туралы мәлімет (2018-2019 оқу жылы)

5-қазан күні мектебімізде ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстаз-ұлы тұлға!» атты концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараға мектебіміздің оқушылары белсене ат салыса қатысты.

Мектеп түлектері ұстаздарды мектеп алдынан қарсы алды. Ұстаздарға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, гүл табыстады. Ұстаздармен вальс билеп, ұстаздарды асханаға апарды. Әрі қарай түлектер ұстаздармен әр түрлі қызықты ойындар ойнап, түрлі сұрақтар қойып, сұхбат алды.

Мерекеге сай безендірілген мектеп акт залында оқушылар «Ұстазым» әнін хормен айтып ұстаздарды қарсы алды.

Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Н.Ортаевқа берілді. 

8-сынып оқушысы Шайдулин Тоғжан «Ұстазға мың тағзым» әнін орындап,    9-сынып оқушылары қызықты көрініс көрсетті. 

         Концерттік бағдарлама оқушылардың әсем әндері мен билерімен жалғасты. Ұстаздар өте жақсы көңіл-күйде отырды.

         Мектебіміздің 11-сынып оқушылары және осы мектепте оқып бітірген түлектер ұстаздарға арнап, құттықтау бейне үзінділерін көрсетті. Концерттік бағдарлама ұстаздар тарапынан өте жақсы өтілді деп бағаланып, оқушыларымыз ұстаздар алғысына бөленді.