20
январь
2022
"Мектеп парламент" өзін-өзі басқару ұйымы
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде «Жомарт жүрек» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында 10-сынып оқушылары жомарттықтарын көрсетіп 2-сынып оқушыларына оқу барысында қажет құралдырды сыйға тартты. Жомарттық – адам бойындағы ізгі қасиет. Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл). Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат мағлұм болмақ. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт аталса, оның жасаған істері Жомарттық деп аталады. Абай мұндай адамдар қатарына пайғамбарларды, әулиелер мен хакімдерді жатқызады. Оқушылар адамның бәрі пайғамбар, әулие, хакім бола алмағанымен, Жомарттық – осы жолға бастайтын қасиет екенін ұғынды.


