"Мектеп парламент" өзін-өзі басқару ұйымы
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында «АСАР» челленджі ұйымдастырылды. Ауылымыздың «Жомарт түлектері» мешітке жылы еден жасау жұмыстарын жүргізу барысында заттарды басқа орынға тасып, жұмыстарын бітіргенсоң қайта орындарына жайғастыруға 10-11 сынып оқушылары қолғабыс болып көмек көрсетіп челленджді бастап 8-сынып оқушыларына жолдады. Челленджді 8-сынып оқушылары қабыл алып мешітке барып тазалу жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар «Асар жасау» — қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі екендігін, көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрін, салт бойынша ауыр жұмыстарды атқару үшін адамдар бір-бірін көмекке шақырып, адамдардың арасындағы өзара көмектің бір түрі екендігін және халқымыздың бірлігін, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытатынын ұғынды.

