"Мектеп парламент" өзін-өзі басқару ұйымы
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 8-сынып оқушыларының арасында «Әлемде мейірімділік бар ма?» тақырыбында пікірталас өткізілді. Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.
Мақсаты: Оқушылардың жан дүниесіне адамгершілік құндылықтарды, ізгі ниетті, танымдық ой қалыптастыру.
Өмірде жасалған бір тамшы мейірімділік жинала келе жылғаға, жылғадан өзенге, өзеннен теңізге айналады. Сол теңізден мейірім тамшысы әрбір балаға жетіп жатса ұлтымыздың ертеңі айқын, болашағы анық болмақ.

