17
May
2022
Ұлдармен жұмыс
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 17-мамыр күні «Ұлдармен жұмыс» клубының жылдық есебін жариялау отырысы өткізілді. Жиналысты ДТІЖО Әділов Қ. ашып беріп, әрі қарай ұлдар клубының жетекшісі Ә. Мырзахан жыл бойы өткізілген іс-шараларға тоқталып өтті. Сонымен қатар оқу жылы барысында жетістікке жеткен ұл балаларды атап өтті. Атап айтатын болсақ 10-сынып оқушысы Орынбай Нұрдаулет аудандық жігіт сұлтаны байқауында өнер көрсетіп 3-орынға ие болды. 7-сынып оқушыларынан құралған баскетбол құрама командасы аудандық кезеңде жеңімпаз атанып облыстық турнирде ойын көрсетті.


