18
January
2022
Ұлдармен жұмыс
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 18.01.2022 ж. күні «Ер балаға тән қылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектебіміздің аға тәлімгері, ұлдар кеңесінің жетекшісі Мырзахан Ә.Ғ. алғы сөз сөйлеп, оқушыларға баяндама оқып берді. Дөңгелек үстелдің мақсаты оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, ұл баланың рухани тәрбиесін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
Іс-шара соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Әділов қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларға алғысын білдірді.
Іс-шара соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Әділов қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларға алғысын білдірді.
