11
November
2022
«Оқушы,ата-ана, мұғалім арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
2022 жылдың 11 қараша күні Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде «Оқушы,ата-ана, мұғалім арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Н.Ортаев ашып берді. Келесі сөз кезегін ДТІЖО Қ.Әділов алып ата-аналарға бала тәрбиесі әрқашанда өзекті мәселе екенін айтып, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары, жол ережесі, діни экстремизммен терроризмнің алдын алу жұмыстары, мектепшілік іс-шараларға тоқталды. Келесі сөз кезегін әлеуметтік педагог Ш.Қожаназаров алып, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы және әлеуметтік көмек алған оқушылар туралы ақпарат берді. Әрі қарай сөз кезегін Жуалы АПБ-нің ЖПҚб КТІ УПИ инспекторы полиция литенанты Жұмағұлов Илияс Ануарұлы алып,жол ережесі туралы және мектептен тыс түнгі уақытта сағ 22:00 ден кейін оқушыларға ата-ананың қадағалауы қажет екенін ескертті. ДОТІЖО Зият.С. мектептің білім сапасы туралы және белсенді оқушылардың жетістіктерін айтып өтті.ДАІЖО Е.Қойбақов электронды күнделіктердің қазіргі таңдағы артықшылықтарына тоқталды. Сонымен қатар мектеп психологі Ж.Шалбаева оқушылармен атқарылған жұмыстар туралы және ата-ана мен бала арасындағы қары-қатынас деңгейін анықтау мақсатында тренинг өткізді.




