«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы көшбасшысының сайлауы
Тұрсын Әкімов атындағы № 7 орта мектебінде 12-қыркүйек күні 5-10 сынып оқушылары арасында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы ұланбасының сайлауы өтті. Саулауға Біржан Аршынай Біржанқызы, Сүлеймен Диляра Маратқызы, Совет Ақерке Саятқызы және Созақбай Лейла Ерланқызы қатысты. Нәтижесінде Совет Ақерке Саятқызы 42 % дауыс жинап жеңіске жетті.
Ұйымның мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ұйымның міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

