13
сентябрь
2022
"Мектеп парламенті" өзі-өзі басқару ұйымы
Тұрсын Әкімов атындағы № 7 орта мектебінде 13-қыркүйек күні 5-10 сынып оқушылары арасында «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы президентінің сайлауы өтті. Саулауға Уызбек Аяжан Рәсілханқызы, Шаймерден Кәусар Төлегенқызы, Сауранбек Шынар Ырысбекқызы және Үсен Жансерік Оспанұлы қатысты. Нәтижесінде Уызбек Аяжан Рәсілханқызы 41,6 % дауыс жинап жеңіске жетті.
Парламенттің мақсаты: Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.