14
November
2023
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ақпараттық сағат
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 14-қараша күні 7-8 сынып оқушыларымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ақпараттық сағат өткізілді. Сабақ барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады.
Мақсаты:

Мақсаты:
- білім алушыларда жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде, осы құбылыстың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіну арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру;
- азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну.

