08
November
2022
"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 8-қараша күні 7-сынып оқушыларымен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерді дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.


