"Менің жан дүнием" айлығының қорытындысы
2018-2019 оқу жылындағы Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта
мектебінің психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды
жандандыру мақсатында «Менің жан дүнием»
айлығының жоспары
№ | апта | Атқарылатын іс-шаралар | Респондент- тер | Мерзімі | Жауапты тұлға |
1 | I | «Менің жан дүнием» айлығының ашылуы | 1-11 сыныптар | 01.02 | Педагог-психолог |
2 | II | Жасөспірімдердің девиантты, аутодеструк-тивті мінез-құлқын диагностикалау және алдын алу (кеңес беру) | 1-11 сыныптар | 04-08.02 | Педагог-психолог |
3 | Психологтарға сене біл, өз ойыңды айта біл (кеңес беру) | 5-11 сыныптар | Ай бойы, үнемі | Педагог-психолог | |
4 | II | «Мейірімді жүрек –жылы тілек» психологиялық апталық | 1-11 сыныптар | 11-12.02 | Педагог-психолог |
5 | «Мен өз отбасыммен бақыттымын» тақырыбында эссе | 8- сынып | 13.02 | Педагог-психолог Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері | |
«Отбасым-алтын діңгегім» тақырыбында эссе | 9-сынып | 14.02 | |||
6 | «Мен талантты жанмын» КТА | Оқушылар | 15.02 | Педагог-психолог Аға тәлімгер : Е.Әріпхан | |
7 | III | «Мен өмірді сүйемін» тренинг | 8-сынып | 18.02 | Педагог-психолог ӨӨТ пәні мұғалімі: А.Қожаназаров |
8 | «Жақсы көңіл-күйге шақырамыз» тақырыбында әлеуметтік психологиялық тренинг | 5-6 сыныптар | 19-20.02 | Педагог-психолог | |
9 | «Баршаға бақыт тілеймін» тақырыбында акция | Оқушылар, ұстаздар, қызметкерлер | 21-22.02 | Педагог-психолог | |
10 | IV | «Бала - біздің болашағымыз» тақырыбында ата-аналармен кеңес | Ата - аналар | Ай бойы | Педагог-психолог |
11 | «Менің жан дүнием» айлығының қорытындысы | 1-11 сыныптар | 27-28.02 | Педагог-психолог |
2018-2019 оқу жылындағы Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта
мектебінің психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды
жандандыру мақсатында «Менің жан дүнием»
айлығының қорытындысы
Жамбыл облысындағы барлық білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілі кешенді жоспарды жүзеге асыруға бағытталған 2018-2019 оқу жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақпан айы – жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру айлығы» етіп жарияланды. Осыған орай мектебімізде ақпан айында «Менің жан дүнием» атты айлығы өтті.
Мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру.
Айлық жоспар мектеп басшысы тарапынан бекітіліп, өндірістік жиналыста мұғалімдерге таныстырылды. Барлық іс-шаралар жоспар бойынша атқарылды. Оның ішінде тренингтер, сурет байқауы, шығарма жазу, концерт бағдарлама, сынып жетекшілер мен аға тәлімгер, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, мектеп педагог-психологымен ұйымдастырылды.
Іс-шараны 1 ақпан күні мектеп педагог- психологы ашты. Жалпы 1-11 сынып оқушыларымен өткізген іс-шаралар мақсатына жетті, балалар психология туралы білімдерін одан әрі жетілдірді.
Жасөспірімдердің девиантты, агрессивті, аутодеструктивті мінез-құлқын диагностикалау және алдын алу бойынша ай бойы оқушыларға, педагогтарға кеңестер берілді.
«Мейірімді жүрек –жылы тілек» психологиялық апталығы 11-15.02.2019 аралығында өткізілді. Мектеп дәлізінде тақырыпқа сай бұрыш жасалып, тілектер жәшігі орнатылды, ұлағатты сөздер жазылып ілінді. 13.02.2019 ж. күні «Мен өз отбасыммен бақыттымын» тақырыбында 8-сынып оқушыларынан, 14.02.2019 ж. «Отбасым-алтын діңгегім» тақырыбында 9-сынып оқушыларынан эссе жазу ұйымдастырылып, нәтижесі оқушылармен бірге талқыланды. 15.02.2019 ж. «Мен талантты жанмын» тақырыбында мектеп әкімшілігінің, 11-сынып оқушыларының демеушілігімен кубок, марапаттау қағаздары алынып КТА ойын байқауы өткізілді.
8 сынып оқушыларымен 18.02.2019 күні ӨӨТ пәні мұғалімімен бірлесіп «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында балалар өлеңдер оқыды, жаттығулар орындады, бір-біріне тілек айтты, бейнеролик көрсетілді.
19-20.02.2019 күндері аралығында 5-6 сынып оқушыларымен «Жақсы көңіл-күйге шақырамыз» тақырыбында әлеуметтік психологиялық тренинг өткізілді.
21-22.02.2019 күндері «Баршаға бақыт тілеймін» тақырыбында акция өтті.
Ай бойы ата-аналарға «Бала – біздің болашағымыз!» -деген тақырыпты басшылыққа ала отырып түрлі кеңестер берілді.
28 ақпан күні «Менің жан дүнием» айлығының жабылуы өтті.
Жалпы айтқанда ай бойы іс-шаралар жоспар бойынша түгел өткізілді.
«Менің жан дүнием» айлығы «қанағаттанарлық» деп есептеледі.
Педагог-психолог: Ә. Мырзахан
«Мейірімді жүрек- жылы тілек» апталығы

«Мен өз отбасыммен бақыттымын» тақырыбында 8-сынып оқушыларынан, «Отбасым-алтын діңгегім» тақырыбында 9-сынып оқушыларынан эссе
«Мен өмірді сүйемін» тақырыбында тренинг