Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасадық » Средняя школа №7 имени Турсына Акимова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72635) 2-72-68
bookkeeping:
+7(72635) 2-72-68
Version for
visually impaired
» » Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасадық
23
July
2018

Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасадық

Мектеп: Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебі

Мұғалімнің аты жөні: Сатымбекова Ж.Н

Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасадық. 14 зал және музей ауласында орналасқан «Көне түркі жазулары және тас мүсіндері», «Л. В. Брюммердің көркемсурет музейі», «Тараз 2000» бөлімдерінен тұратын мұражай маған ерекше әсер қалдырды. Барлық балалар музейді үлкен қызығушылықпен аралады.

Әсіресе, тірі және өлі табиғат, археология бөлімі балаларды таң қалдырды. Ол жердегі теңіз жануарлары мен ірі жануарлардың қатып қалған сүйектерін көргенде мамонттың қаншалықты алып жануар болғанын көз алдымызға елестетіп, олардың жойылып кету себептерін біраз талқыға салдық. Сондай - ақ өлкеміздің флорасы мен фаунасы өкілдерінің үлкен коллекциясымен таныстық.

Археология бөлімінде бізге мектеп оқулығынан есімі таныс Х.Алпысбаевтың ғылыми экспедиция нәтижесінде Қаратау тауларынан табылған тастан жасалған түрлі еңбек құралдарын да көрдік. Осы сәтте тас дәуірі бөлімі бойынша өтілген материалдар да еске түсті. Сондай-ақ, маған ерекше ұнағаны «Көне түркі жазулары және тас мүсіндері», «Тараз 2000» бөлімдері. Онда қыштан жасалған әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар, су құбырлары, шырағдандарды және де балбал тас мүсіндерін де тамашаладық. Шыныдан, қоладан жасалған әртүрлі бұйымдар, өткен тарихтан сыр шертетін ою - өрнегі ерекше кірпіштердің сынықтары да бізді ерекше сезімге бөледі.
Сондайақ Айша бибі, Қарахан, Бабажы Хатун кесенеліріне де саяхат жасап тарихи орындармен таныстырып шықтық.


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясындағыұйымдастырылған Жамбыл облыстық тарихи - өлкетану мұражайына саяхат қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғындыру.

Сондай - ақ, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қойMay, оны сүйіп, құрметтеу бізге міндет екендігін жете түсіндіре отырып өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғынды деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп: Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебі

Мұғалімнің аты жөні: Сатымбекова Ж.Н

 

Күні: 21.04.2018ж

 

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Туған ел » бағдарламасы: «Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер»

Сабақ мақсаттары

Мұражайқызметімен, тарихи ескерткіштермен танысу;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 

Тілдік мақсаттар

 

 

Құндылықтарды дарыту

-Жас ұрпақты Отансүйгіштікке,ұстаздарға деген құрметке тәрбиелеу,олардың өлке тарихына қызығушылығын арттыру;

Сабақтың түрі

- Танымдықсаяхатсабақ

Пәнаралықбайланыстар

география,әдебиет,бейнелеу

АКТ қолдану дағдылары

Мұражайдағы археологиялық заттар мен мәліметтер

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі

Сабақтыңжүрісі:

  1. Ұйымдастырукезеңі.
  2. Мұғалімніңкіріспесөзі:

Оқушылар, бүгінгісабағымызда «Туған ел» бағдарламасыніскеасырумақсатында Жамбыл облысындағы мұражайғасаяхатқашығамыз. Сонда тарихи жәдігерлермен ,халық шаруашылығының түрлі салаларында еңбек етіп, жетістіктерге жеткен еңбек озаттары, ғылым, әдебиет, өнер, спорт салаларындағы жетістіктерімен елімізге танымал болған өнер қайраткерлерінің жеке заттары, омырау белгілері, білімі туралы дипломдары, еңбек кітапшалары, түрлі мадақтамалары, алғыс хаттары, шығармашылық және дипломдық жұмыстары, жазысқан хаттары, т.б. заттық жәдігерлер қойылған.

Қорыта айтқанда, мұражай бұрынғы мен қазіргі материалдық және рухани мәдениетті сақтап, насихаттайтын киелі орын.«Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алMayсың»-дегендей,мұражай өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады.

«Ашық микрофон»әдісімен сабақты қорытындылау

1.Мұражайдың алатын орны қандай?

2.Еліміздің тарихы туралы қысқаша баяндаңыздар?

 

 

Сабақтың соңы

Ой-толғау кезеңі

 

 

 

 

 

 

Тараз қаласындағы мұражайға саяхат.

6 сынып оқушыларымен Тараз қаласындағы мұражайға саяхатқа бардық. Мұражайдың ішінде бір қабаты түгелдей Қазақстан Халықтары Ассамблеясына арналыпты. Онда Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тұрмыс-тіршілігіне арналыпты, , салт-дәстүрлерін көрсететін тұрмыстық заттар,ұлттық киімдері қойылған. Әсіресе орыс, украин, шешен ұлтттарының ұлттық киімдеріне оқушылар қызығушылық танытты. Сонымен қатар тұрмыстық заттарына да аса қызығушылық танытып, суретке түсіріп алды.

Сынып 6

Сабақтың тақырыбы

 

Бірлігі жарасқан берекелі Қазақстан

 

Сілтеме

Қазақстанның физикалық картасы,Д/ж физикалақ жарты шарлар картасы, оқулық

 

Мақсаты

Қазақстан көп ұлтты мемлекет екендігін ұғындыру және бірілігі жарасқан елімізде тыныштық пен берекені сақтап отырғандығының тәрбиелік мәнін ұғындыру түсіндіру.

 

Сабақтың түрі

 

Жаңа сабақты меңгерту

 

 

Сабақтың әдіс тәсілдері

 

Сыни тұрғыдан ойлау,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ,

 

Сабақтың көрнекілігі

Үлестірмелі карточкалар, постер,стикер, маркер,» суреттері ,

 

 

Күтілетін нәтиже

-- Қазақстан көп ұлтты мемлекет екендігін ұғындыру және бірілігі жарасқан елімізде тыныштық пен берекені сақтап отырғандығын түсіндіру

---. Сыни тұрғыдан ойланады

----Сұрақтарға нақты жауап береді.

----Критерийлерге сүйеніп өзін,жұбын,

тобын бағалай алады.

.---Өмірден мысал келтіреді.

----Өз ойларын дәлелдей алады.

 

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

 

1 мин.

Топқа бөлу.

Ұлт, тыныштық, бірлік, Қазақстан

Таратпалы қағаздар арқылы өз тобына келіп отырады.

 

Сергіту сәті

3-мин

 

« Жастық лақтыру» ойыны.

Оқушылар шеңбер болып тұрып, бір-біріне жеміс атттарын атап, лақтырады. .

 

 

2 мин

Сабақ мақсатымен таныстыру.

-- Қазақстан көп ұлтты мемлекет екендігін ұғындыру және бірілігі жарасқан елімізде тыныштық пен берекені сақтап отырғандығын түсіндіру

 

 

Қызығушылықты ояту.

 

7-мин

Үй тапсырмасын сұрау. g-fishbowl4c«

«Алтын балық аквариумы »

Ең жоғары балл жинаған оқушылар «Алтын балыққа арналған аквариумда» отырады. Басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т.б.

« Бағдаршам » арқылы бағалау

 

Ой қозғау.

2-мин

 

Топты бөлген кездегі тірек сөздерге тоқталу

Ұлт, тыныштық, бірлік, Қазақстан

Алған тірек сөздерге сыни тұрғыдан ойланып, не білетіндіктерін айту.

 

Мағынаны ажырату. 5 мин

Жаңа сабақ.

Мәтінмен танысады.

 

5 минут

Оқып болған соң топ ішінде жұпқа бөлініп не оқығандарын түсіндіреді.

Топтасып,пікірлесе отырып топтың мүшелері. күнделікті өмірмен байланыстырады. Топ ішінен бір оқушы қорғауға шығады.

 

Ой толғаныс.

10-мин

»Кезбе тілші wideshot[1]1626244637_4778b048d7[1]

«Кезбе тілші» 1-оқушы: телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: мұхит түбіндегі зерттеулер ) 2-оқушы: Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді3-оқушы: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады( Мұхит түбіндегі таулар )4-оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер.( Мұхит түбіндегі жазықтар )

 

Бағалау

2-мин

Feedback парағын тарату.

1. Сабақ мен үшін ...

( қызық, қызықты емес )

2. Сізге қай жерде көмек керек болды ?

Бағалау критерийлерін толтырады

Сабақты түсіндім 3 балл

Елбасымыздың

қоғамдағы ролін

ажыратамын 5 балл

 

Үй тапсырмасы

3-мин

 

 

Үйге тапсырма. \ халықтар бірлігі туралы сурет салу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі: Койбаков Е.П.

Сыныбы 7

Сабақтың тақырыбы: §5. Өлкетану дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы, оның маңызы. Өлкетану ғылымымен тығыз байланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шыңдықпен баяндап өткенге ғылыми көзкарас қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге, ата-бабаларына көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Жергілікті өлкетану мұражайының тарихи-мәдени ескерткіштерін пайдалану.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта көрген бейнефильм, алдын ала берген сұрақ-тапсырмалары бойынша оқушылармен әңгіме түрінде немесе жазбаша сұрақ-тапсырмаларға жауаптарын дауыстатып оқытып, оны жалпы сыныпта талқылату. Жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысы жүргізу. Ол үшін алдын ала бір-бір сөзден жазылып көбейтілген кағаз қиындыларын оқушыларға таратып шығамын. Schoolchildren берілген уақыттың аз екенін ескертіп, бос орынға дұрыс анықтамасын жазу тапсырылады.

Үй тапсырмасын қорытындылау

Археологиялық зерттеулер нәтижесінде тарих ғылымы бүгінде адамзат таңғалатын ұлы жаңалықтарды ашқандығын, оның тарих ғылымын дұрыс, терең, толық жазып шығу үшін маңызының зор екендігін айтып қорытындылаймын.

Осылайша houseтапсырмасын тексеріп, өткен сабақтың бүгінгі өтетін жаңа сабақпен де байланысты екенін айтып өтіп, жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақты мына жоспармен жүргіземін.

1.Тарихи өлкетану ғылымының маңызы мен міндеттері.

2.Тарихи өлкетанудың жеке ғылым саласы болып қалыптасуы тарихы.

3.Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты қосымша ғылым салалары мен олардың атқаратын қызметі.

Осы жоспармен жаңа сабақты түсіндіре бастап, оқушыларға параграфты кезек-кезек оқыта отырып, өздеріңе бұл ғылым саласының мақсат-міндеттері не екенін ауызша айтқызамын.

Одан соң жоспардың екінші бөліміне көшеміз. Әсіресе оқушылардың көңілін Ресейде тарихи өлкетану жеке ғылым ретінде 1713 жылы 13 ақпанда орыс патшасы I Петр тұсында ғана енсе де, қазақ даласында сонау ежелгі замандардың өзінде ел тарихын жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жеткізген өз білімпаздары болғанын атап айтып кетемін.

Сабақ жоспары бойынша қосымша пәндерге тоқталамын. Сондықтан қысқаша тарихқа қосымша пәндер бойынша әңгімелеп өтемін де, осы бойынша мына ономастика, антропономика, топонимика, этнонимика, теонимия, космонимия, тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану сияқты жаңа сөздерді тақтаға жазып қоямын. Оқушылар тақтаға жазылған сөздерін дәптерлеріне жазып алады.

Осы сияқты қосымша пәндердің жекелеген зерттеулерінің нәтижесінде ғана тарих ғылымы толық та дұрыс жазылатынын айтады.

Одан әрі оқушылардан мұрағат жайында қандай түсініктері барын тексеру үшін, тақтаға немесе плакатқа маркерді пайдаланып, төмендегі тапсырманы орындатады.

«Мұрағат»

Оқушылар өздерінің мұрағат жайындағы не білетіндерін бір-бірлеп орнында отырып айтады. Осылайша мұрағат туралы алғашқы түсініктерін біледі. Одан әрі оқулықтағы материал бойынша толықтырып айтады.

Бекіту:Тақырыпты бекіту үшін «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы орындатқызамын.

Қорытынды:Тарихи өлкетанудың маңызы Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алатынын айтып, өздерінің туған өлкелерінде қандай ғылыми өлкетану жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталады, оның жалпы тарих ғылымына қоскан үлесін атап айтып кетеді.

Бағалау:

Үйге тапсырма:5-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындау.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив