07
March
2023
"Ана өмір-шуағы!" атты мерекелік кеш
2023 жылдың 07 наурыз күні Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 8 наурыз –«Халықаралық әйелдер» күніне орай "Ана өмір-шуағы!" атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Н.Ортаев ашып беріп, бірқатар ұстаздарымызды алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік кеш барысында мектебіміздің белсенді оқушылары ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап түрлі өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар мектебіміздің Квн құрама командасы көрермендерді күлкілі әзілдерімен таң қалдырды.








