15
December
2022
«Адам өмірінің басты құндылықтары»
2022 жылдың 15 желтоқсан күні мектебімізде Жуалы ауданы әкімі Мұртаза Жалғас Алижанұлы және Жуалы аудандық маслихатының хатшысы Тілеубеков Ерғали Өтемісұлының арнайы тапсырмасымен «Жасөспірімдерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Адам өмірінің басты құндылықтары» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Э.Абишова-Жуалы аудандық мәслихат хатшысы,Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназия директоры,Е.Сартбаев - Жуалы АПБ-нің бірінші орынбасары полиция подполковнигі, Н.Базарбеков-Жуалы АПБ-нің ЖПҚБ Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция капитаны қатысты.Кездесудің мақсаты:

- Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу;
- Жасөспірімдерді салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әректтеріне баға бере білуге баулу;
- Өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру;
- Жасөспірімдерді бір-біріне достық қарым қатынасты құруға шақыру, топтық негізде қолдау көрсету, жаман әдеттен аулақ болуға шақыру.
- Құқықтық мәдениетін көтеру.

