10
апрель
2023
"Қауіпсіз терезелер" Республикалық ақпараттық науқаны
2023 жылдың 13 сәуір күні Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде ЖПҚБ ЮПТ КТІ УПИ испекторы Абдымомынов Ауезхан Азимханович 1-11 сынып оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түнгі сағат 22:00-ден ата-анасының және заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүруге болмайтындығын ескертіп өтті. Сонымен қатар "Қауіпсіз терезелер" Республикалық ақпараттық науқанның тұжырымдамасына сәйкес, көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету фактілерінің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.




