01
март
2023
Ата-аналар жиналысы
2023 жылдың 1 наурыз күні Тұрсын Әкімов атындағы № 7 орта мектебінде "Ата-аналар арасында азаматтармен балалардың заңды өкілдерінің балаға қатысты кибербуллинг фактілері" бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әділов және педагог-психолог Ж.Шалбаева ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында "Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі Комитет) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заңы балаға қатысты интернет-ресурстарда кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша 18-4 баппен толықтырылғаны туралы және аталған Заңының 18-4 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі №365 бұйрығымен "Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидалары " бекітілгені жайлы ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


