Тәуелсіздік күні
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі отдела образования Илийского районанің 09.12.2019ж. күнгі №13-3-174 шығыс хатына сәйкес, 2019 жылғы 05-13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін ұйымдастырып, өткізуге арналған іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылды.
05.12.2019ж. күні 5-10 сынып оқушылары Тараз қаласында орналасқан Желтоқсан 86 музейіне саяхатқа барып, музей тарихымен танысып қайтты.
06.12.2019ж. күні «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты» атты деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
09.12.2019ж. күні 1-11 сынып оқушылары арасында «Ел аңсаған тәуелсіздік» атты тәрбие сағаттары өтілді.
09-13.12.2019ж. күндері аралығында мектеп кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
10.12.2019ж. күні 5-8 сынып арасында «Менің қиялымдағы Қазақстан» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, үздік сурет салған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
11.12.2019ж күні 6-8 сыныптар арасында «Қасіретім қуанышым!» атты дөңгелек үстел өтілді.
12.12.2019ж. күні «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты кездесу өтілді. Аталған кездесуге Жуалы ауданы Өлкетану музейінің қызметкері Байдалиев Дәулетжан қатысты.
12.12.2019ж. күні 5-9 сыныптар арасында баскетбол ойынынан «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» атты спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
13.12.2019ж. күні Тәуелсіздік мерекесіне орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5 сыныптың үздік оқушыларын қабылдау рәсімі өткізілді.
13.12.2019ж. күні «Тәуелсіздік мақтанышымыз!» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға жалпы 185 оқушы қамтылып, жоғары дәрежесінде өтілді,-деп бағаланды. Мерекелік концерт барысында мектеп өміріне белсенді араласып жүрген оқушыларға алғыс хаттар табыс етілді.