15
ноябрь
2023
"Төл теңгенің жетістіктері"
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 15 қараша күні мектеп кітапханашысы Р.Абдыкасымованың ұйымдастыруымен "Төл теңгенің жетістіктері" тақырыбында ақпараттық сағаттар өткізілді. Негізгі мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық валютасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуіменен байланыстыру.


