«Әкем және мен» атты отбасылық спорттық сайыс » Средняя школа №7 имени Турсына Акимова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72635) 2-72-68
Бухгалтерия
+7(72635) 2-72-68
Версия для
слабовидящих
» » «Әкем және мен» атты отбасылық спорттық сайыс
15
февраль
2023

«Әкем және мен» атты отбасылық спорттық сайыс

2023 жылдың 15 ақпан күні Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде  «Әкем және мен» атты отбасылық спорттық жарыс өтілді. Аталған жарыстың негізгі мақсаты мектеп пен ата-ана,соның ішінде әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-аналарды мектеп өміріне етене араластыру, ата-аналардың мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене араласуға баулу болатын. 

Аталған іс-шараға 2-4 сынып оқушыларының әкелері қатысты. Атап айтатын болсақ, 4 сынып оқушысы Пірім Балауса және әкесі Койбаков Еркебұлан, 3 сынып оқушысы Панбай Жалғаспен әкесі Әжібаев Арман, 4 сынып оқушысы Аралбек Нұрмұхамед және әкесі Кенжебеков Нұрболат, 2 сынып оқушысы Құрманғали Ақтілекпен әкесі Жақсылықов Сағыныш, 2 сынып оқушысы Болат Нұрали және әкесі Омарбеков Бақнұр, 3 сынып оқушысы Әділхан Маржан мен ағасы Зият Саламат.

Жарыстың шарттары төмендегідей болды:

  1. Таныстыру; 
  2. Себетке доп лақтыру;
  3. Асық ату;
  4. «Кім мерген?» сайысы;
  5. Арқан тартыс;
  6. «Нысана ату» сайысы.

Байқауға әділ-қазы алқалары тағайындалды. Әділ-қазы алқаларының шешімімен орындар келесідей болды:

І орын-Әжібаевтар әулеті. Панбай Жалғас пен әкесі Әжібаев Арман;

ІІ орын – Омарбековтер әулеті. Болат Нұрали мен әкесі Омарбеков Бақнұр;

ІІІ орын – Кенжебековтер әулеті. Аралбек Нұрмұхамед пен әкесі Кенжебеков Нұрболат.  

         Жеңіске жеткен отбасылар мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылған бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңіске жете алмаған отбасыларда қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды. Жалпы спорттық жарыс көрермендер тарапынанда, жарысқа қатысушы тараптанда жоғары деген бағаға ие болды және осындай отбасылық іс-шаралар өз жалғасын тауып тұрса екен деген тілектерін білдірді.  




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив