13
сентябрь
2022
Ұлдармен жұмыс
13-қыркүйек күні Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты: Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың өзара сыйластық қарым–қатынастарын дамыту.Оқушыларды инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
«Ел ұлымен берік, қызымен көрік» яғни қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шыққан. Қобыланды батыр, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т. б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз - мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді.