«Дені саудың жаны сау» тақырыбында дәріс
2022 жылдың 30 қаңтар күні Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мекетбінде мектеп медбикесі А.Ахметова 1-11 сынып оқушыларына «Дені саудың жаны сау» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болса, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет, оны ысырап етпеуі керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап оған үлкен зиян келтіреміз. Әр кім өз денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруларды ағзаға жолатпау адамдардың өз қолында. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет екенін айтып өтті.

