Республикалық экологиялық сағат ("Эко сағат")
Жуалы ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің басшысы
М.Айжановқа
Мәлімет
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 27.09.2019ж. күнгі №13-2432 шығыс хатына сәйкес, 03.10.2019ж. күні сағат 12.00-де 1-11 сыныптар арасында Экологиялық ашық сабақтар өтілді. Ал сағат 13.00 де мектеп ауласына көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 20 тал жеміс ағашы отырғызылды. Аталған шараға мектеп қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Қораласбаева мен Жетітөбе ауылдық округі ардагерлер алқасының төрағасы Р.Сатаев қатысты. Жалпы іс-шараға 190 оқушы қамтылып, аталған шара мектеп сайтында және Фейзбук желісіндегі мектеп парақшасына орналастырылды.
Қосымша: 1 бет іс-шара фото суреттері
Мектеп директоры: Н.Ортаев