12
ноябрь
2021
Ыбырай Алтынсарин 180 жыл
2021-2022 оқу жылының 8-12 қараша аралығында өткізілген «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбындағы бірлестік апталығында іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 қараша күні Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» тақырыбында әдеби кеш өтілді. Әдеби кештің мақсаты - жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсаринның өмірімен, еңбектерімен таныстыру, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне, жыр-дастандарына деген қызығушылығын арттыру. Әдеби кешке 5-9 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.Оқушылар Ыбырай Алтынсаринның өмірімен танысып, ақынның «Кел, балалар, оқылық , Өнер - білім бар, жұрттар , «Ананың сүюі» өлеңдерін және табиғатты суреттеуге арнаған «Жаз», «Өзен» өлеңдерін оқыды. Ыбырайдың шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Еңбек адамның жетілуі үшін керекті жағдайды жасап қана қоймай , сонымен бірге адамның ар-ұятын өз дәрежесінде сақтап тұруға да көмектеседі. Осы еңбек тақырыбына «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Мақта қыз бен мысық», «Бір уыс мақта» әңгімелері жатады.Соның ішіндегі «Әке мен бала», «Атымтай Жомарт» әңгімесінен көріністер көрсетілді.



