"Мектеп парламент" өзін-өзі басқару ұйымы
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде «Білім артық па, байлық артық па?» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында дебат ұйымдастырылды. Дебат сабағымызда III турдан құралды.
I тур Қазіргі таңда білім мен байлықтың маңызы, ерекшелігі қандай?
Оқушылар өз тақырыптары бойынша қазіргі таңдағы білім мен байлықтың қаншалықты маңызды екендігін, қоғамдағы орнын көрсетеді.
II тур Ұлағатты сөз, аңыз әңгіме, афоризмдер сайысы өз тақырыбыңыз бойынша қорғау.
Оқушылар өз тақырыптары бойынша топ болып афоризмдер, аңыз әңгімелер, ұлағатты сөздер айтып жарысады. Сол бойынша тақырыптарын қорғап шығады.
III тур Ситуациялық сұрақтар сайысы
Оқушыларға ситуациялық сұрақтар беріледі. Екі топ ситуациялық сұрақтарға жауаптар тауып, өз тақырыптарын қорғауы тиіс.
Мақсаты:
1.Оқушыларға Қазақстан Республикасындағы білім алу құқықтары туралы мағлұмат беру.
2.Өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру.
3.Оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру, өз беттерімен іздене білуге үйрету, білімді ұрпақ тәрбиелеу.

