"Мектеп парламент" өзін-өзі басқару ұйымы
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 8-10 сынып оқушылары арасында «Ағаның ініге қамқорлығы» тақырыбында видеороликтер сайысы өткені өткізілді. Әр сыныптың жасаған бейнероликтерін ДТІЖО- Қ. Әділов, ұйымдастырушы- Е. Әріпхан және ұйым президенті- А. Берікбай тамашалап әділ бағасын берді. Нәтижесінде 9-сынып оқушысы Қасымхан Әділеттің бейнеролигі үздік деп танылып мақтау қағазымен марапатталды.
Дәстүрлі қазақ қоғамында елеулі орын алатын аға мен іні сыйластығы – этностың қорғаныс механизмінің қалыпты, әрі ырғақты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін әдеп нормалары және моральдық құндылықтар қатарында ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі. Қазақ тәрбиесінде інінің қашан да өзінен жасы үлкен ағасын сыйлап, ақылын тыңдап, ілтипатты, ізетті болуы талап етіледі. Ағасы болса інісіне көмектесіп, қамқорлық көрсетіп жүреді.


