10
April
2024
«Елтаңбасы елімнің неткен әсем, әдемі»
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектетебінде 10-сәуір күні «Елтаңбасы елімнің неткен әсем, әдемі» тақырыбында 6-сынып оқушылары арасында сурет байқауы өтілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған арқау болып тұрған – шаңырақ. Ол — Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді . Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірінің нышаны. Шаңырақ — шын мәнінде, күннің қозғалысын, жылдамдығын көрсететін дала сағаты. Шаңырақтағы белгілерге қарап, қазақтар күн мезгілін айқындаған. Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі; ол күннің бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін бекіту.Мемлекеттік нышандар жайындағы оқушының ой-өрісін кеңейту, шежірені, тарихи таңба белгілерді білу, оқу, есте сақтау арқылы танымдық қасиеттерін дамыту .