01
September
2022
"Жас Ұлан"
Білім күніне жоспар жасалып, мектеп директоры бекіткен. Білім күнін өткізу туралы мектеп директоры бұйрық шығарды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әділов және педагог-ұйымдастырушы Е.Әріпхан Білім күніне бағдарлама жасап, мектеп директорымен бекітілді. Білім күнін өткізу туралы хабарландыру жазылды. Ауыл әкімі Р.Күсембаев, ардагер ұстаздар Р.Сатаев, Қ.Қожаназарова, А.Дулатова, К.Шыналиева т.б. қонақтар шақырылды. Білім күніне жүргізушілер дайындалды. Шаруашылық меңгерушісі О.Жанабаев, электрик Е.Қойбақов Білім күні өткізілетін алаңға тазарту жұмыстарын жүргізді. 11-сынып жетекшісі Е.Марасилов Білім күні өткізілетін алаңға безендіру жұмыстарын жүргізді.
1-қыркүйек Білім күні мен 2022 жыл Қазақстан Республикасында «Балалар жылы» аталуына байланысты «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
1-қыркүйек Білім күні мен 2022 жыл Қазақстан Республикасында «Балалар жылы» аталуына байланысты «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
