28
April
2023
«Қазақстан біздің ортақ шаңырағымыз» атты мерекелік іс-шара
2023 жылдың 28 сәуір күні Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, «Қазақстан біздің ортақ шаңырағымыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанда тұратын ұлттар мен этнос өкілдерінің өмір сүру салты, ұлттық тағамы, ұлттық өнерін көрсетті. Іс – шараның мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.




























