21
October
2022
"Жаңа Қазақстан жастарға жаңа мүмкіндік"
Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінде 21-қазан күні 9-сынып оқушылары арасында "Жаңа Қазақстан жастарға жаңа мүмкіндік" тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген. Жастар үшін ең бастысы – білім. Себебі білімді азамат өзін еркін сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды және қай бағытта қозғалу керек екенін біледі. Әрбір жас қазақстандық осыған ұмтылуы тиіс.


